БАЛАҒА БАҚЫТ СЫЙЛА
Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді. Аталған жыл шеңберінде Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы беркелі бастамалар легінің екінші жоспарлы шарасын жүзеге асырып үлгерді.
Бұған дейін кәсіподақ жанынан құралған жастар кеңесінің қалалық "Jas Orda" ұйымының белсенді жас ұстаздарымен облыстық балалар ауруханасының кардиология бөлімшесінің емделуші балақайларына мерекелік кеш өткізсе, кеше қала орталығындағы «Kids Park» ойын-сауық орталығында ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған сала қызметкерлерінің балғындарына «Балаға бақыт сыйла» ұранымен керемет көңіл-күй сыйлады.
Қайырымдылық шара барысында балғындармен қатар ата-аналарда ерекше көңіл - күйде болып, шараға белсене қатысты. Ата-аналар өз ризашылдықтарын білдіріп, алғысын айтты.
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Сондықтан балаларымыз ешқашан ауырмасын. Дендері сау,үлкен азамат болып өсуіне тілектеспіз.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ комитеті