ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Берекелі бастау. Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ұсынысымен «Балалар жылы» деп аталды. Осы орайда Қызылорда олбыстық білім және ғылым қызметкерлері жанынан құралған жастар кеңесінің қалалық «Jas Orda» ұйымының белсенді жас ұстаздары облыстық балалар ауруханасының кардиология бөлімшесінің емделуші балақайларына керемет көңіл - күй сыйлады. Қайырымдылық шара барысында балаларға эстафеталық ойындар ойнатылып, көңілді аниматорлармен би билеп, ән шырқалды.
Балғындармен қатар ата-аналар да ерекше көңіл - күйде болып, шараға белсене қатысты. Ата-аналар жас ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты.
Шара соңында балаларға арнайы әзірленген сыйлықтар табыс етілді.
Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы! Сондықтан балаларымыз ешқашан ауырмасын. Дендері сау болып, еліне елеулі, халқына қалаулы болып өсуіне тілектеспіз.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ комитеті