ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ
Кезекті есеп беру кәсіподақ жиналысы Шығыс қазақстан облысы Шаған кентінің мектебінде өтті. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының курсын қолдай отырып, мектептің кәсіподақ комитеті жиналысында қабылданған Ұжымдық шарттың талаптарын орындау мәселелері бойынша ұйым басшысын тыңдау туралы шешім қабылданды. Жиналысқа Семей қаласының білім қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитетінің өкілдері шақырылды.
Жиынды ашқан кәсіподақ комитетінің төрайымы Несілжанова Салтанат Несілжанқызы мектеп директоры Қасенбаева Айгүл Қасенбайқызына сөз берді. Ол өз есебінде қабылданған Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы егжей-тегжейлі баяндады, сондай-ақ әкімшілік тарапынан да, кәсіподақ тарапынан да мұқият назар аударуды талап ететін бөлімдерді атап өтті.
Кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы мен қазынашысы 2021 жылы атқарылған жұмыстар және кәсіподақ қаражатын пайдалану туралы толық есеп берді. Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ комитетіне әр қызметкерге көңіл бөлгені, қолдауы мен белсенді жұмысы үшін алғыстарын білдірді.
Жиында Семей қалалық білім кәсіподағының қалалық комитетінің бас маманы Е.А. Мұсабеков кәсіподақ мүшелігіне жаңадан қабылданған, соның ішінде мектептің жас педагогтары бар жұмыскерлерге кәсіподақ билеттерін табыс етті. Қалалық кәсіподақ комитетінің жұмысына тоқталып, 2022 жылды Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы "Әлеуметтік әріптестік" жылы деп жариялағанына назар аударды.
Кәсіподақ мүшелерінің көптеген толғандырған сұрақтарына Семей аумақтық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Куюбаев Әлімбек Истайұлы жауап берді. Негізгі мәселелер еңбекке ақы төлеу, аттестаттау, үстемақы төлеу және шипажайларға жолдамалар беруге қатысты болды.
Е.Мұсабеков,
Семей қалалық білім кәсіподағының бас маманы.