АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНДЕГІ МАРАПАТ
Алғыс айту күні қарсаңында дәстүрлі «Шын жүректен алғыс айтамын» акциясы Қызылорда облысының барлық білім саласы мекемелерінде өткізілді. Қалалық кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «JAS ORDA» жастар кеңесінің мүшелері білім саласындағы кіші қызметкерлерге көмек ретінде тазалық жұмыстарын жасап, өз ізгі тілектерін білдірді. Аталған мерекеге орай білім беру мекеме өміріне өз үлесін қосып келе жатқан кәсіподақ мүшелері қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлескен Алғысымен марапатталды.
Дәл осындай шара Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы тарапынан да ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында білім беру мекемелері бойынша барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен жастар кеңесі кіші сала қызметкерлерінің бір күндік жұмыстарын атқарып, марапаттау жұмыстарын жалғастырды.
Аталған шарада аудан бойынша 150 ге жуық сала қызметкерлері арнайы сыйлықтармен марапатталып оларға құрмет көрсетілді.
Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымы