«ШЫН ЖҮРЕКТЕН АЛҒЫС АЙТАМЫН» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» акциясы Қызылорлда облысының Жалағаш ауданының білім беру ұйымдарында жалғасын тапты.
Акцияның мақсаты: ұйымдардағы кіші қызметкерлердің еңбектерін бағалау, жастар арасында табыстың еңбекпен келетінін кең көлемде дәріптеу, жаппай жәрдем беру және қолдау көрсету.
Акция барысында білім беру ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитеті жанындағы «Жалын» жастар кеңесінің мүшелері, жас мамандардың қатысуымен құттықтаулар, ардагерлерге құрмет көрсету, кіші қызметкерлердің еңбектеріне «Алғыс айту» іс-шаралары ұйымдастырылды.
Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, адамдардың бір-біріне құрметі мен сыйластығының мерекесі баршаңызға көктемнің алғашқы күнімен бірге жылылық пен жайлылық алып келсін! Елімізде тек бейбітшілік пен бірлік болсын!
Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы