АЛҒЫС - АЙТУ ПАРЫЗЫМ!
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту» күні - қайырымдылықтың, мейірімділіктің және барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі.
Осы орайда Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күніне орай салтанатты шара өткізілді.
Аудандағы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің техникалық қызметкерлерін бөлім басшысы Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді және Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Кіші қызметкерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жеткізді.
Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы