«БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫ
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады.
Осы орайда «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Ескелді аудандық филиалы кәсіподақ мүшелеріне арнап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің ішінен көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың тізімі жасалды. Аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы Адия Айтбузинова жинақталған тізім бойынша кәсіподақ мүшелерінің үйіне барып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұл шара алдағы уақытта аудан деңгейінде жалғасын таппақ.
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Ескелді аудандық филиалы.
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Ескелді аудандық филиалы.