ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлері кәсіподағының жанындағы әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Онлайн режимде ұйымдастырылған алқалы жиынға аудандық, қалалық филиалдардың әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының төрайымдары қатысты.Күн тәртібінде «Жұмыскер әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының 2021 жылы атқарған жұмысы және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» сынды мәселелер қаралды.
Алматы облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов кәсіподақ құрамында 28 397 адам болса, оның 21 161-і әйел екенін айтып, құрылған Кеңестің мақсаты мен міндетін айқындады. Жұмыскер әйелдерге қолдау білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ал, облыстық әйелдер істері жөніндегі Комиссияның төрайымы Әсем Ильясова бір жылдың ішінде атқарған жұмысты баяндады. Отбасындағы зорлық пен зомбылықты алдына алу мақсатында акциялар ұйымдастырылып, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткеніне тоқталды. Ұстаздар арасында «Ақылшы ене, ибалы келін» атты байқауы өтіп, жеңімпаздар облыстық ұйымның бағалы сыйлықтарымен марапатталғанын айтты. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты жанұя» тренингінде мұғалімдер мен балалардың өзара тапқырлықтары сыналып, педагогикалық білім бар әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық қабылдаулар өткенін, барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарына шыққанын жеткізді.
Сонымен қатар, Панфилов аудандық филиалының әйелдер істері жөніндегі Комиссияның төрайымы Эльмира Қайранбеков өзінің тәжірибесімен бөлісіп, кәсіподақ мүшелерінен түскен өтініштердің мазмұны және ондағы әйелдердің үлесі туралы айтып берді.
Облыстық ұйымның бас маманы Маржан Жұмабек Комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырып, ұсыныстарды жинақтады. Жиынды қорытындылып, белсенділерді бірге жұмыс істеуге шақырды.