ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибемен алмасу мақсатында апта сайын өтетін БАҚЫЛАУ және КЕҢЕС БЕРУ КҮНІ бүгін №12 «Гүлдер» балабақшада өтті.
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптәк одағы» ҚБ-ның Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлнәр Ілиясова БКҰ төрайымы Майра Кажековамен кездесіп, оның іс-қағаздарды жүргізу, кәсіподақ мүшелерінің өтініштерін қабылдау реттілігін қарады. Сонымен қатар, 45 мүшесі бар бастауыш кәсіподақ ұйымының техникалық бұрышының талаптарға сай келуін тексеріп, ондағы құжаттармен жіті танысты. Бастауыш кәсіподақ ұйым жылдық жоспарымен танысып, бірқатар ұсыныстар енгізді. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарапынан тағайындалатын марапатқа кандидат ұсынудың жаңа үлгісін толтыруды жіті түсіндірген төрайым Майра Жанатқызына шипажайға жеңілдікпен берілетін жолдамаға, кәсіподақ тарапынан көрсетілетін материалдық көмекке уақытында тапсырыс беру қажеттігін ескертті.
Білім және ғылым қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды мақсат тұтатын кәсіподақ ұйымдарының жұмысын ілгерлету, сондай-ақ ұжымдарда кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған мұндай форматтағы жұмыстар әлі де жалғасын таба бермек.