ЖАҢА ҰЙЫМ ҚҰРЫЛДЫ
Өткен жылы бастау алған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» атты аталған акция биыл да жалғасын тауып отыр. Жуырда жаңадан пайдалануға берілген Атырау қаласы Самал мөлтек ауданында № 41 жалпы білім беретін орта мектеп гимназия ұжымы бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды. Мектепте 62 білім қызметкері болса, олардың арасында 42 мұғалімнің жоғарғы білімі бар, 2-і «педагог-шебер», 9-ы «педагог-зерттеуші», 5-і «педагог-сарапшы», 5-і «педагог-модератор»біліктілігін игерсе, қалған 20-ы әртүрлі сала қызметкері болып табылады.
Аталмыш білім ұясында бастауыш ұйымын құру және оларды кәсіподаққа мүшелікке тарту жұмыстарын «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің Атырау қалалық комитеті филиалы (төрағасы Б.Ғ. Мусағали) өте іскерлікпен әрі шебер ұйымдастыра білді. Нәтижесінде мектептің барлық қызметкерлері кәсіподаққа мүше болуға өз өтініштерін берді. Қоғамдық ұйымның алғашқы жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Аққалиева Асел Аққалиқызы сайланды.
Казіргі таңда Атырау қалалық комитеті жаңадан құрылған ұйымға жан-жақты әдістемелік көмектер беріп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ