АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҰСТАЗДАРЫ БАС ҚОСТЫ
Бүгін «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған Жастар кеңесінің отырысы өтті.
Бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған жиында жастар Кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмысын қорытындылау және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы, «Ұлттық ойындар-халық мұрасы» атты жас ұстаздар арасындағы жарыстың Ережесін бекіту, облыстық ұйымның жанынан құрылған Кеңес құрамына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Шараны облыстық ұйымның бас маманы,Кеңес төрайымы Маржан Жұмабек жүргізіп, 2021 жылы атқарған жұмысын қорытындылады. Кеңес бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты түрде отырыстарын өткізгенін, онда «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жас ұстаздар арасында насихатталуы, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын жастар Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы туралы және Жастар кеңесінің атқарған жұмысын қорытындылау және жоспарлау сынды мәселелер қаралғанын жеткізді. Сонымен қатар, 18-35 жас аралығындағы ұстаздардың қатысуымен «Жырлайды жүрек» челенджі, «30 жыл. 30 тұлға» білім бәйгесі, «Егемен елдің жастары» атты байқауы ұйымдастырылғанын жеткізді. Жас мамандар Көксу және Панфилов ауданындағы көрнекті жерлері Н. Алдабергеновтың зиратына барып, рухына құран бағыштағанын, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейін және «Әулиеағаш» жеті ғасырлық тарихы бар киелі ағашты тамашалағанын айтты. Жастардың белсенділігі артып, кәсіподақ тарапынан түрлі марапаттарды иеленген азаматтарды атап, алғысын білдірді. Алқалы жиында облыстық жастар Кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды.
Кербұлақ аудандық филиалы жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшесі Сандуғаш Айтбек аудандық, қалалық филиалдардың қолдауымен жас ұстаздар арасындағы эстафеталық шарасы ағымдағы жылдың наурыз айында Кербұлақ ауданында өтетінін хабарлап, шараның ережесімен таныстырды. «Ұлттық ойындар-халық мұрасы» атты жарысқа әр филиалдан 3 кәсіподақ мүшесі қатыса алатынын жеткізіп, форматын анықтады.
Жиын соңында Кеңес төрайымы өзіне берілген өкілеттікке сәйкес Жастар істері жөніндегі Ережеге сүйеніп, облыстық ұйымның қатары артқаны және жастар Кеңесінің саны 8852 адамды құрағанын айтып, Кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. 17 кәсіподақ мүшесінен құралған Кеңестің төраға лауазымына Рауан Мырзахмет пен хатшысы ретінде Айым Амантаеваның кандидатурасын ұсынды. Жастар кеңесінің отырысына қатысушылардың тарапынан қолдау тауып, жоғарыда көрсетілген тұлғалар бірауыздан сайланды. Ұстаздар өзара пікір алмасып, қажетті шешімдерді қабылдады.
Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің
жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі
жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі