СӘТПАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙ
Еліміздің техникалық жоғары білімінің қара шаңырағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің кәсіподақ ұйымы жұмысының басты бағыты ретінде қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыда жан- жақты қолдауды, оларға қамқорлық жасауды негізге алып отыр.
Бұл тұрғыда Республикамыздың Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Мақсатқызы Мұқашеваға, сондай-ақ университет ректоры Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаевқа кәсіподақ қызметіне көрсетілген қолдау үшін ерекше ықыласпен рақмет айтамыз.
Жаңа жыл қарсаңында Кәсіподақ ұйымы тарапынан университет қызметкерлерінің балаларына сыйлық жасалды. Жаңа туған сәбиден бастап 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, барлығы 800 астам балаға қызығушылықтарына қарай сыйлықтар ұсынылды.
Жаңа жыл құтты болсын!
Барыс жылы - ырыс жылы болып, құт-береке әкелсін!
Ш.Өмірзақова,
Сәтбаев Университеті
Кәсіподақ ұйымының төрайымы