КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ «КӘСІБИ МЕДИАТОР» АТАНДЫ
2021 жылғы 22-24 желтоқсан күндері Талдықорған қаласы, Жастарға қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында «Келіссөз, медиация және құқық орталығы» ЖШС, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары жалпы медиация курсын оқыды.
Үш күнді қамтыған шараны «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры, жаттықтырушы-медиатор Ж.Жакупов жүргізді.
Курс барысында дауласушы тараптарды өзара қолайлы ортақ бітімге келтірудің теориясы, практикасы және әдістері оқытылды. Тренинг нысанында өткізілген курс кезінде еркін пікір алмасу, тренинг, сұрақ-жауап, талқылау, сынау, өзара үйрену тәсілдері қолданылды. Курс қорытындысы бойынша аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары "Кәсіби медиатор" санатына ие болды. Енді қоғамдық бірлестіктің өкілдері жергілікті жерлерде туындаған дауларды дер кезінде шешуге ықпал ететін болады.
«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі.
қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі.