ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында өткізілген жастар форумына аудандық білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар, барлығы 100-ге жуық делегат бас қосты.
Жастарды ортақ жобаларға жұмылдыру. Тәуелсіздікпен құрдас, биік белестерді бағындырып, жетістікке жеткен азаматтарды көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылған «Тағылым. Тарих. Тәуелсіздік» атты Тәуелсіздік құрдастарының аудандық форумы жоғары деңгейде өтті.
Форум барысында: Тәуелсіздік құрдастарының 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі туралы бейнеролик көрсетілді. Мұнайлы ауданы бойынша Жастар кеңесінің төрағасы Шыңдауыл Манас Көбейсінұлы баяндама жасады.
«Біз - жастар, Қазақстанның ХХІ ғасырда гүлденген, іргесі берік, әлемдік қоғамдастықтағы мәртебелі мемлекетке айналдыруға бағытталған саясатын мақтаныш тұтамыз. Біз өз Отанын шексіз сүйетін, еңбекке құштар, спортты өмірлік салтына айналдырған саналы да саламатты ұрпақ сабақтастығын жалғастырамыз.
Біздің жастық жігеріміз бен еселі еңбегіміз, басты құндылығымыз - Тәуелсіз Қазақстанның дамуына бағытталған!» - деді ол.
Форумның үндеуі қатысушы жастардың отансүйгіштік сезімін арттырып, талай өрендердің өр кеудесіне оттан да ыстық жалын сыйлап, ой - өрісіне өнеге болды.
Форум қонақтары жастарға ыстық лебізін, алғысын білдірді, жыл бойы өткізілген шараларға белсене қатысып, сайыс байқаулардан орын алған Тәуелсіздік құрдастары марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім және қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің маманы Аманиязова Асылтас Базарбайқызы форумға қатысушыларды құттықтап, қоғамдық шараларға қатысып, соның ішінде белсене атсалысқан педагогтарға аудандық кәсіподақ ұйымының атынан сертификаттар, 4 мұғалімге шипажайға жолдама табыстады.
Р. Текеева,Мұнайлы аудандық кәсіподақ
филиалының төрайымы,Маңғыстау облысы
филиалының төрайымы,Маңғыстау облысы