АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы кезекті Атқару комитетінің отырысын өткізді. Жиында Қаратал аудандық филиалының еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың атқарған жұмысы, Алматы облыстық ұйымының және аудандық, қалалық филиалдардың 2021 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту және ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Аудандық, қалалық филиал төрағалары қатысқан маңызды отырыста облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов барша кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қаратал аудандық филиалының төрағасы Берік Абақов сөз алып, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың атқарған жұмысын баяндады. Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларына бақылау жүргізілгенін, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шешімдерді нақты айтты.
Облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов кәсіподақтың 2021 жылы атқарған жұмысын қорытындылады. Биылғы жылы облыстық ұйым сала қызметкерлерін қатарына қосуды мақсаты ретінде ұстанып, нәтижесінде Еңбекшіқазақ, Ұйғыр және Іле аудандарында филиалдар ашылып, кәсіподақ ұйымы бірқатар бастауыш ұйымдарымен толыққанын жеткізді. Кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетілгенін, түрлі форматта шаралар ұйымдастырылғанын, белсенділік танытқан ұстаздарға облыстық, республикалық деңгейде марапаттар берілгенін айтып өтті. Атқарылған жұмыстарды көпшілікке таныстыруда бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатылғанын және сала қызметкерлерінің жан-жақты мәселесін шешуде бірқатар мекемемен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын айтты.
Сонымен қатар, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітіп, облыстық ұйымның алдағы мақсаты мен міндетін нақтыланды.
Жиында қаралған мәселелерді Атқару комитетінің мүшелері талқылап, бірауыздан қажетті Қаулыларды қабылдады.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі