«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ!»
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Тәуелсіз елім- тірегім!» тақырыбында «Екі жұлдыз» байқауын өткізді.
Байқау мақсаты: шәкірттер мен ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, елге деген құрметін арттыру.
Байқау қорытындысының марапаттау рәсімі Ақтау қ. №19 мектеп-гимназиясы ғимаратында өтті. Мерекелік іс-шарада облыстық кәсіподақ ұйымының маманы А.Б.Аманиязва Тәуелсіздік күнімен құттықтап, байқау жеңімпаздарына шығармашылық табыс тіледі.
Байқау жеңімпаздарын қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова марапаттады. 3-орын №9жалпы білім беру мектебі, 2-орын №22 «Алтын бесік» бөбекжайы мен №29 балабақшасы, 1-орын №61 «Сұлтан» балабақшасының жұптары аталып, шәкірттері мен тәрбиеленушілеріне сыйлықтар, ал ұстаздарына сыйақы табысталды.
Қазылар алқасының мүшесі Ұ.Жұмағалиева жеңімпаздарды құттықтай келе, қатысушыларға келешекте байқау ережесінен ауытқымауды, талапқа сай болуды ескертті.
«Екі жұлдыз» байқауының Бас жүлдесінің жеңімпаз жұптары ретінде №61 «Сұлтан» балабақшасының тәрбиешісі Арай Ахметқалиева мен тәрбиеленушісі Асқар Әсиманың есімдері аталды.
Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз.
Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
«Қазақ елі - жасасын!» - деген, жалынды сөздермен мерекелік кеш қорытындыланды.
К.Еңсегенова,
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Ақтау қалалық филиалының төрайымы