ҮЗДІК ТӘРБИЕ МЕНЕДЖЕРІ – 2021
Дәл осындай атаулы шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық торқалы тойы қарсаңында Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы мен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен өткізілді.
Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық байқауын бағалау үшін құрылған қазылар алқасының құрамы қатысушылардың жұмыстарын саралау барысында тәрбие менеджері ретінде лауазымдық қызмет атқарған мерзіміндегі тәрбие үдерісінің шығармашылық зертханасын ұсыну түріне, тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларының жұмыстарында көрініс табуына, қатысушының дарыны мен шығармашылығына, интерпретациялық қабілетіне, белгіленген уақыт ішінде таңдалған тақырыпта тренинг өткізу шеберлігіне, жалпы білім беретін мекемелерде тәрбие үдерісін жүзеге асыру жолындағы жаңа жобасын ұсыну ерекшелігіне басты мән берді.
Сайыс ережесіне сәйкес жүргізілген кезеңдерді зерделеген қазылар алқасы: бірінші орынға – Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жардемова Асима Кисметоллақызының, екінші орынға – Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қойшығалиева Гүлфина Құсайынқызының, ал үшінші орынға – Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Хашуова Анар Серікқабылқызының жұмысын лайықты деп тапты.
Жеңімпаздарға Әдістемелік орталықтың Дипломдары және облыстық салалық кәсіподақ ұйым атынан республиканың емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдама сертификаты табыс етілді.
Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға Алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар табыс етілді.
Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымы