ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ» Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ер мұғалімдердің бір – біріне деген ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайту, салауатты өмір салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт арқылы насихаттау, волейбол ойынына деген қызығушылығын арттыру, тұрақты спортпен шұғылдануға тарту, достық – татулыққа, бірлікке шақыру мақсатында аудандық волейбол жарысы өткізілді.
Жарысқа 16 команда қатысты. Екі күнге созылған тартысты әрі қызықты өткен жарыста №6 жалпы білім беретін мектеп командасы І орынды, №5«Шоғы Мұңалұлы» атындағы жалпы білім беретін мектеп командасы ІІ орынды, №8 жалпы білім беретін мектеп командасы мен №14 жалпы білім беретін мектеп командалары ІІІ орынды иеленді.
Барлық қатысушыларға Мұнайлы аудандық кәсіподағы филиалынан бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар 2021 жылдың 30.10-08.11 күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасы мұғалімдер спартакиядасының Республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі І орын алған Маңғыстау облысының командасының мүшелеріне, атап айтқанда Мұнайлы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын дене шынықтыру мұғалімдеріне қолдау көрсету мақсатында спорттық формалар табысталды.
Р. Текеева,
Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалының төрайымы, Маңғыстау облысы