«АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Айдың үздік қызметкері» байқауының «Үздік бөлім қызметкері» номинациясы бойынша ұйымдастырылды.
Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімі және университет кәсіподағы бірлесіп өткізген байқауға құрылымдық бөлім қызметкерлері қатысты.
Бекіткен ережеге сәйкес, әр құрылымдық бөлімнен бір қызметкер бөлім басшысы тарапының ұсынысы негізінде іріктеу кезеңінен өткен. Көрсетілген критерилерге сай қатысушылардың портфолиясын тағайындалған қазылар алқасы қарап, атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қарай жеңімпаздарды анықтады.
«Үздік бөлім қызметкері» номинациясының қорытындысын шығару жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша жеңімпаз ретінде имидждік саясат орталығының имиджмейкері Аманбекова Балжан Бауыржанқызы танылды.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қазақ тілі мен әдебиеті бакалавр дәрежесін үздік бітірген.
Жетісу университетінде аз уақыт ішінде жұмысқа деген артқан жауапкершілігін таныта білді. Артқан сенім үдесінен шығу үшін жұмысын тиянақты орындауға тырысты. Университет имиджін арту барысында, жаңа сайт жасауға көп үлес қосты. Одан қоса университет Стартап Академиясында ғылыми жобалар бойынша сарапшы, өз мамандығы бойынша колледжде оқытушы.
Айта кететін жайт, 2021 жылғы 21 қарашада Қырғызстан Республикасында (Бішкек қ.) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған «Шетелдегі Қазақстандық білім күндері» көрмесіне университет атынан делегат болып Аманбекова Балжан Бауыржанқызы барған болатын.Жеңімпазға диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.
Е. Хаймулданов,
І. Жансүгіров атындағы ЖУ
кәсіподақ филиалы төрағасы,Алматы облысы