ЗАЙСАН АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ
ШҚО, Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшылығымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілді.
Акцияның маңыздылығын түсіндіру үшін алдын ала мектептерге барып диалог сұхбаттар жүргізілді. Акция аксессуары ретінде күлгін түсті шарф тіктіріліп және баннерлер таратылып берілді. Аудандық кәсіподақ ұйымы аппараты мүмкіндігіне қарай акцияларға қатысып, өз ой-пікірлермен бөлісті. Акцияны өткізуге бастауыш кәісподақ ұйымдарына аудандық кәсіподақ қаржылай демеушілік жасады.
Осы акция аясында барлық білім беру мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Көгедай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі апта бойы оқушылармен «Бала құқықтары – адам құқықтары», «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Тәртіп және құқық», «Мен өз құқығымды білемін» тақырыптарында әңгімелер жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында округ инспекторы А.Қайдаров 5-11 сынып оқушыларымен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» атты жиналыс өткізді.
Ата-аналармен «Отбасындағы балаларды тәрбиелеу» тақырыбы бойынша қашықтан жиналыстар өткізілді. Сонымен қатар, интернет желісі арқылы ата-аналармен зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық жайлы ақпараттар жіберіліп, отбасы тыныштығы бала тәрбиесіндегі басты мәселе екендігі жайлы ағарту жұмыстары жүргізілді. Баланың құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында, ата-аналарға пайдалы кеңестер жіберілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» бөлімі бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен құқық этикасы бойынша әр баланың құқықтарын қорғау, адам құндылықтарын бағалау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектепте жоғарғы сынып оқушыларына ағалық, әпкелік қамқорлық танытып, кіші сынып оқушыларына бас-көз болу тапсырылды. Қандай да бір келеңсіз оқиғалар орын алып, үлкен адамдар қасында болмаған жағдайда, бастауыш сынып оқушыларының арасындағы дауды шешіп, ағалық, әпкелік тәрбие-ақылдарын айтуына кеңестер беру тапсырылды.
Қорытынды іс-шара мектеп ұжымы үшін «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты тақырыптық кеш болды. Оның басты мақсаты болашақта зорлық-зомбылықтан бас тарту болды. Акцияны қолдау үшін барлық қатысушылар күлгін түсті киімдер мен аксессуарларды қолданды.
Құралай Мусина,
ШҚО, Зайсан аудандық кәсіподақ ұйымының
Атқару комитеті мүшесі
-
Фотографии
-