ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ - МӘҢГІЛІК ЕЛ
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз ел - Мәңгілік ел» атты салтанатты қабылдауын ұйымдастырды. Құндылықты дәріптеген шараға Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Қаһарман Жақсылық, сала ардагерлері, мекеме басшылары, кәсіподақ төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты.
Салтанатты қабылдауда алдымен Қазақстан Республикасының Гимні шырқалып, айтулы мерекемен облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов барша кәсіподақ мүшелерін құттықтады. Тамыры терең – Тәуелсіздіктің мәні мен мағынасына тоқталып, облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қаһарман Жақсылық та өзінің жылы лебізін көпшілікке арнады.
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Алуа Қабдұлова барша білім саласының қызметкерлеріне ақ тілегін жолдап, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздардың еңбектерін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешуде ықпалын тигізген Сарқан аудандық филиалының төрағасы Ермек Алинов пен республикалық «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» қатысушысы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жадыра Билибаева да көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты қабылдауда кәсіподақ белсенділеріне ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының медальдары, облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары табыс етілді.
Мерекелік шарада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншілері өнер көрсетіп, патриоттық әндерді орындады.

Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі