ЖАРЫС АЛАҢЫНДА ҰСТАЗДАР
Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Көшенов Бақытжан Кәрібекұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті. Спорт додасына қала мектептерінің мұғалімдері мен қызметкерлерінен құралған 7 команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Талас ауданының білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мадиярбек Миралиев, облыстық білім басқармасының бас маманы Медет Әтен спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Жарысқа дайындықпен келген командалар турнирде өте тамаша ойын өрнегін көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша А.Пушкин атындағы орта мектептің командасы жүлделі 1 орынды, С.Сейфуллин орта мектебінің командасы - 2, ал А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия командасы 3 орынға тұрақтады.
Жеңімпаз командаларға аудандық кәсіподақ ұйымы мен ұйымдастырушылар атынан кубок пен сыйлықтар және Диплом табыс етілді. Жарыс қонағы Медет Әтен турнирді жоғары дәрежеде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыс білдіріп, облыстық білім басқармасының Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы атынан Алғыс хат табыстады.
Гулжанат Байқожаева,
А.Пушкин атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Талас ауданы, Жамбыл облысы