МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
7 желтоқсан күні, Ақтау қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Орта және жоғары білім туралы дипломы болған жағдайда білім деңгейін анықтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар 37 балабақша ұйымы директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары арасында ұйымдастырылды. Тақырыпқа байланысты кездесіп жүрген мысалдар бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық жұмыстар бойынша маманы Наталья Станиславовна Храмова мағлұмат бере отырып , шараны жүргізді.
"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығының негізінде, 2009-2020ж.ж. дейінгі аралықтағы енгізілген өзгерістер бойынша біліктіліктерін қалай анықтауға болатындығын нақтылап айтып өтті.
Жұмыскердің қабылданған уақыты және сол уақыттағы біліктілікке қойылатын талапқа сай орындалу тәртібі негізге алынатындығы және ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 43 бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн қатынастарға қолданылмайтындығы айтылды.
Одан әрі балабақша директорлары тарапынан ашық сұрақ-жауаптар жүргізіліп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында мақсатты, маңызды көкейтесті мәселелер талданып,. қатысушылар нормативтік заңдылықтардың қолданысы мен орындалу тәртібі бойынша алған әсерлерін ортаға салып, кәсіподақ жұмысына толағай табыс тілеп, бүгінде кәсіподақ-қолдаушы екендігіне сенімдіміз,- деген ойларын жеткізді.
К.Еңсегенова,
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының
Ақтау қалалық филиалының төрайымы