КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ САЙЫСТЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы аймақтық сала қызметкерлерінің аудандары мен Семей қаласы командалары арасында кіші – футболдан сайыс ұйымдастырды.
Білім кәсіподағы педагогтардың мүддесі мен құқығын қана қорғап қоймай, мұғалімдердің спортпен айналысуына және денсаулығын нығайтуға жіті көңіл бөліп отырады. Әсіресе пандемия кезінде иммунитетті көтеріп, спортпен айналысу маңызды деп есептейді.
Санитарлық– эпидемиялогиялық жағдайды басты назарда ұстап, сақтық шаралары ескерілді. Жарыс салтанатты түрде басталып, еліміздің әнұраны шырқалды. Ауданның Өнер мектебінің жас бүлдіршіндері спортшыларға өнерлерін арнап, патриоттық әндер мен ұлттық билеріміз нақышына келтіріліп орындалды.
Салтанатты шарада Семей аймақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәбит Ибраев спортшыларға сәттілік тіледі.
Кіші футбол турнирінде Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы командасы басым ұпаймен 1 орынды жеңіп алса, Абай және Көкпекті аудандарының командалары 2 және 3 орынды иеленді. Ойын соңында спортшылар арнайы кубоктар, Дипломдар мен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Көрермен назарына іліккен футболшылар да аз болмады. «Үздік ойыншы» номинациясына Бесқарағай ауданынан- Азат Каримов, Жарма ауданынан Ерлан Таширяев, Абай ауданынан- Мерей Төлеуғазин, Семей қаласынан – Ернат Мұсахан,, Көкпекті ауданынан – Ернұр Омарғазин ие болды. Сондай-ақ Бесқарағай ауданынан Марат Әлімжанов «Ардагер спортшы» номинациясын иеленді.Жарма ауданынан Ерсін Корчебаев пен Семей қаласынан Қайрат Әлішер «Жас спортшы» болып танылды.
Спорт жанкүйерлері білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған шараны жоғары бағалап, спортшыларға жақсы ойын көрсеткендері үшін ризашылығын білдіріп тарқасты.
Е.Сембинов,
Жарма аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы.
ШҚО.