ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жәнібек аудандық білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс оздырылды. Жарысты өткізу мақсаты – Тәуелсіздігімізді дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа 13 команда, соның ішінде 10 мектеп командаcы, 1 мектепке дейінгі білім беру ұйымының командасы, 1 қосымша білім беру ұйымының командасы және 1 М.Ықсанов атындағы колледж командасы қатысты.
Кәсіподақ ұйымдары арасындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтіп, жеңіске жеткен командалар анықталды. М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі – 1 орын, М.Ықсанов атындағы колледж – 2 орын, ал 3 орынды Қосымша білім беру ұйымынан жасақталған командасы иеленді.
М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері Е. Ерлановқа «Үздік шабуылшы», Н.Губайдуллинге «Үздік тосқауылшы» номинациялары және мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Н.Мизамбаевқа «Үздік қорғаушы» номинациясы берілді.
Жәнібек аудандық кәсіподақ төрайымы А.Нұрғалиева волейбол жарысынан жеңіске жеткен командаларды кубок, медаль, диплом және сыйақылармен марапаттады.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ