ТАРТЫСТЫ ТУРНИР
Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахмат және тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды.
Облыстық турнир Ақтау қаласының №5 Нұртас Оңдасынов атындағы Жалпы білім беру мектебінің спорт залында өтті.
Тартысты доданың ашылу салтанатында Маңғыстау облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Анайбекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған жарыстың төрешілері Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары Әли Қабақ, өңірдегі шахмат шебері, ұстаз Александр Сергеевич Саркисов ойын ережелерімен таныстырып, шараның мақсатын анықтап берді.
Турнирде ойыншылар айналмалы жүйеде өзара сайысты. Жарыс қызықты әрі тартысты болды. Нәтижесінде, шахматтан ерлер арсында І орын Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектептің дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі Кенджебаев Шыңғыс Ибадуллаұлы иеленсе, әйелдер арасында І орынды Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенджебаева Хадиша Ибадуллақызы жеңімпаз атанды.
Ал Тоғызқұмалақтан ерлер арсында І орынды Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектептің дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуанышев Оразбай иеленсе, әйелдер арасында І орынды Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы орта білім беретін мектептің дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі Мадрешова Күлаш жеңімпаз деп танылды.
Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға облыстық ұйымның Дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Шахмат пен тоғызқұмалақтан өткен жарыста І орынды иеленген кәсіподақ ұйымының мүшелері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастыратын турнирге жолдама алды. Алдағы уақытта Маңғыстау облысының атынан сынға түсетін болады.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ
-
Фотографии
-