ТАРИХЫ ТЕРЕҢ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 90 ЖЫЛ
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» деп заңғар жазушы М. Әуезов айтқандай: «Тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп». Мектептің алдын діңгегі - тәжірибелі ұстаз. 1931 жылы ресми түрде бастауыш мектеп болып ашылған, Қазақстанның дарынды ұрпақтарына жан-жақты білім мен тәрбие беріп келе жатқан М.Әуезов атындағы орта мектебіне биыл 90 жыл толып отыр.
Мерейтойды тойлауға арналған мерекелік кеш Оранғай елді мекені, М.Әуезов атындағы орта мектебінде өтті.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы, маслихат хатшысы және ауыл әкімі қатысты.
Жандос Шайдулла мектеп ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы білім ордасында талмай еңбек етіп, зейнетке шыққан ардақты ұстаздарды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының арнайы төс белгілерін тапсырып, мектеп ұстаздарына кәсіподақтан қаржылай сыйлық табыстады. Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтілуіне ат салысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одақтың Түркістан облыстық ұйымының Сауран ауданы филиалы Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры музыкалық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырып берді.
Мектептің бала тәрбиесіндегі роліне ерекше тоқталған Жандос мырза, оқушылардың қосымша біліммен, тәрбие шараларымен қамтудың маңызы зор екенін, бала тәрбиесіндегі мұғалімдердің алатын орны ерекше екендігін айтты және сөз соңында мектеп ұжымын осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануға жігерлендірді.
Мерекелік кеште білімгерлер ұстаз қауымына және келген қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды. Мектеп ұжымын құттықтауға арнайы «Шаншар» әзіл-сықақ театрының өкілдері келіп, мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй тарту етті. . Қоғамдағы оқиғаларды қағытпа әзілмен, астарлы қалжыңмен жеткізген өнер иелері мектеп ұстаздарына, кеш қонақтарын тәнті етті.
Шара соңында мектептің 90 жылдық тарихына шолу жасайтын мұражайдың лентасы қиылды. Сондай-ақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының Төрағасы зейнетке шыққан ұстаздарды арнайы төсбелгімен марапаттап, құрмет көрсетті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы
Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-