ТАРИХТАН – ТАҒЫЛЫМ
Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қатысуымен ашылған Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне жезқазғандық ұстаздардың бір тобы экскурсия жасады. «Рухани жаңғыру» бастамасымен жүзеге асқан игі шараға «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мұрындық болды.
– Өткенді айна қатесіз бейнелеген, тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, шатырлы қалашық және қонақүйді қамтитын кешенде пайдаланылған құнды экспонаттардан көп ой түйдік. Тарихи экскурсия ішкі жан дүниеміз бен руханиятымыздың дамуына үлкен септігін тигізді. Тіптен бойымызды бабалардың ерлігі мен өрлігіне деген, жерді қорғаудағы, елді күзетудегі ерліктері мен түрлі сындарда мұқалмаған жігерлеріне деген риясыз алғыс кернеп тұрды. «Халқымызда өткенсіз болашақ жоқ» деген қанатты сөз бар. Ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болуы үшін өскелең ұрпақ тарихына үңіліп, бабалар ерлігінен қуат алуы тиіс, – деген №21 жалпы білім беретін орта мектеп директоры Шынар Тасмурзаева ұжымға, оның ішінде жас педагогтарға осындай мүмкіндікті сыйлаған Ляззат Күнеділова бастаған ұйымдастырушыларға ризашылығын жаудырды.
-
Фотографии
-