МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Панфилов аудандық филиалына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесті.
Жаркент қаласындағы Еңбекші орта мектебінде өткен жиында аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков сөз алып, 2021-2022 оқу жылында ұстаздардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарды айтып, кәсіподақ өкілдерін көпшілікке таныстырды.
Облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов педагог мамандығына сұраныс артқанын, ұстаздардың белсенді жұмыс істеуіне мемлекет және кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан барлық бастамаларды таныстырды. Елдің болашағы тәрбиелейтін ұлы мамандық иелерін сауықтыру, балаларына қолдау таныту және еңбек адамдарының құқықтары жан-жақты қорғалуына кәсіподақ өз ықпалын тигізіп, мұғалімдердің шығармашылықтарын дамыту үшін бірқатар мекемелермен өзара меморандум жасалғанын жеткізді.
Ал, облыстық ұйымның төраға орынбасары Болат Тұрысбеков өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ардагерлер Кеңесінің мүшелері үлестерін қосқанын, заман талабына қарай ұсыныстар енгізгенін және жас мамандарға бағыт-бағдар беруде тынымсыз жұмыс істегенін айтып өтті.
Жиынға қатысқан кәсіподақ белсенділері әлеуметтік әріптестікті дамыту, ұжымдық шарттар жасау, сала қызметкерлерінің кәсіби мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды іске асыру, кәсіподақ қозғалысының тағы басқа мәселелері мен негізгі бағыттары бойынша туындаған сұрақтарға облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан толық жауап берді.
Аталған шара Кербұлақ аудандық филиалында жалғасын таппақ.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-