КЕЗДЕСУЛЕРДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі Қыдырбаева Райхан Мамашиқызы 25-26 қазан күндері Түркістан облысының Кентау,Түркістан қалаларында білім беру ұйымдары басшыларымен, сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесті.
Кентау қалалық кәсіподақ төрағасы Бағлан Құдайбергенов өз саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, ақпарат берді.
Жиынға қатысушыларға құқықтық мәселелерге қатысты толғандырып жүрген сұрақтарға ауқымды жауаптар берілді.
Жиын барысында түркістандық кәсіподақ белсенділері көкейде жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алып, әріптестеріне ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
-
Фотографии
-