ЖАҢА ҰЙЫМНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ
Түркістан облыс аумағында жаңадан құрылған Сауран ауданының білім саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан құралған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық Сауран аудандық кәсіподақ комитеті» филиалының алғашқы жиыны өткізілді.
Жиын басында сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Шайдулла білім саласының бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді көшбасшыларын ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойы қарсанында жаңадан құрылған кәсіподақ филиалына сайланған басқару органдары мен төраға И.Исатаевты құттықтап, бастаған істеріне сәттілік тіледі.

12 бастауыш кәсіподақ ұйымнан құралған Түркістан облыстық Сауран аудандық кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы Ибадулла Исатаев үшін білім саласы таңсық емес. Ол ұзақ жыл мектеп директоры қызметін атқарған. 1995 жылы «Білім беру үздігі» белгісімен, 2007 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталған.
-
Фотографии
-