«КӘСІПОДАҚ КҮШІ-БІРЛІКТЕ!»
Ағымдығы жылдың 8 қазан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен Кәсіподақ көшбасшыларының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында Ұстаздар және Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған «Кәсіподақ күші-Бірлікте!» тақырыбында салтанатты марапаттау шарасын өткізді.
.
Алғашқы құттықтау сөзді Маңғыстау облысының білім басқармасы кәсіптік-техникалық бөлімнің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы ұстаздар мен Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтап, облыстық кәсіподақ ұйымының белсенді атқарып жатырған қызметтеріне атап өтіп, алдағы қызметтеріне табыстар тіледі.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялағанын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында ұйымдастырылып отырған шараның маңызына тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев: «Кәсіподақтардың қозғалысы еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді» деген сөздері кәсіподақтарға білдірген зор сенім мен олардың алдына қойылған бүгінгі уақыт талабы екенін айтты.
Қиын да қызықты ұстаздық қызметтің жетістіктерін, үздік үлгілерін насихаттап Қазақстанымыздың парасатты, білімді, іскер де ұлт жанды жас азаматтарын тәрбиелеудегі ортақ міндеттерді жүзеге асыруда емүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының көшбасшылары, зейнеткерлер - Ақжанова Дина Жұптұрғанқызы мен Кашиева Ақмоншақ және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Институтының мұғалімі мен кәсіподақ төрайымы лауазымдарын қоса атқарған Бактиярова Кибат Шайхатқызына құттықтау сөзін арнап, сыйлықтарын табыстады.
Бір топ кәсіподақ ұйымы жұмыстарына белсене қатысып жүрген, 6ілім беру ұйымдарының басшылары әлеуметтік әріптстер мен көшбасшы төрағаларға – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарын» және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасын», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапаттады.
Кәсіподақ қозғалысының жұмысын жандандырып, мүшелігін арттыруға ынталандыру мақсатында 3 жылдан жоғары кәсіподақ ұйымында қызмет жасап келе жатқан көшбасшыларға, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының облыстық «Үздік бастауыш ұйымы» байқау-сайысында Бас жүлде, Республикалық байқаудан І орын алған Ақтау қаласы, №46 «Балбұлақ» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Корнеева Ольга Григорьевна өзінің ыстық лебізін білдірді.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.
Облыстық білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ.
-
Фотографии
-