ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Xалқымыз ертеден үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын.
1-қазан күні Қарқаралы ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы білім саласының майталмандары Төкен Нұрғалиұлы, Дүйсентай Оспанұлы, Шарбат Ыбырайқызы, Жаңылыс Қапжанқызы, Рахым Рахымбергенұлы, Оркен Шырынбекқызы сынды ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, Халықаралық қарттар күнімен құттықтап барды.
Сонымен қатар осы күні Қарқаралы ауданының барлық білім беру ұйымдары ардагерлерін ұлықтап, құттықтауларын жеткізді. «Бабаларым, рахмет сендерге» деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, біз қарттарымызды құрметтеп сыйлап, ардақтау ұрпақ парызы! Асыл қазынамыз қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ өмір, береке бірлік тіледік.
Азамат Секербайұлы,
Қарқаралы ауданы білім беру қызметкерлерінің
кәсіподақ комитетінің төрағасы.
Қарағанды облысы.