ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БЕТ БҰРҒАН БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазіргі таңда 80 педагог пен 27 кіші қызметкер еңбек етуде. Ұжым мүшелерінің барлығы да мектепішілік кәсіподақ ұйымының мүшелері.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы – рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым. Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Оның жұмысшыларға берер қолдауы өте зор. Ақиқатына келсек, кәсіподаққа мүше болу – ол сенің үлкен мүмкіндігің. Олай болса, «Кәсіподақ ұйымында биылғы жылы қандай өзгешеліктер болды, басты қызметі мен рөлі қандай?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Жаңашыл идеяларымен әрқашан да көпшілікті елең еткізіп, ел көкейінен шығып отыратын кәсіподақ ұйымы биылғы еліміз үшін ауыр болған пандемия , карантин кездерінде де ұстаздар қауымын үнемі қолдау үстінде болды. Еңбек еткен адамның әрқашан еңсесі тік, тапқан наны адал екендігі белгілі. Ұстаздар, кіші қызметкер еңбегін елеп, ескерусіз қалдырмайтын кәсіподақ ұйымы тарапынан мерекелер қарсаңында кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұл марапат, ұлықтаулардан ардагер ұстаздар да тыс қалған емес.
Биылғы жылдың өзгешелігі, 4 кәсіподақ мүшесі 50 пайыз жеңілдікпен «Сарыағаш», «Ақсу Демі», «Ақжайық» шипажайларында демалды. Бұрын бір адам, әрі кетсе екі адам жолдама алатын. Тағы бір ерекше атап өтетін шарамыз - биік белестерді бағындырып, асқақ абыройға бөленген ұлағатты ұстаздардың ерен еңбектері лайықты бағаланып, оқу жылы соңында «Педагогикалық Оскар - 2021» шарасын өткізу болды. «Педагогикалық Оскар - 2021» шарасында марапатталған 34 мұғалімнің ішіндегі бастауыш сынып мұғалімі Қожағалиева Айнұр «Педагогикалық Оскар - 2021» жеңімпазы атанып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Кәсіподақ назарынан жастармен жұмыс та тыс қалған емес. Кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен «Жас маман - 2021» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «Менің үздік сабағым» атты панорамалық сабақтар байқауы оздырылып, жеңімпаздар марапатталды. Қызметкерлер арасында жұмыс барысы мен сапасына, ұсыныс тілектеріне арналған сауалнамалар, онлайн байқаулар ұйымдастырылады. Соның біреуі 2021 жылдың 23-25 тамыз күндері мектеп қызметкерлеріне арналған «Конституция – еліміздің басты заңы» құқықтық онлайн байқауы Online Test Pad платформасы арқылы өтті. Байқау жеңімпаздары педагогикалық кеңесте аталып, марапатталды. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттап, кәсіподақ мүшелері арасында «Салауатты өмір-нұрлы болашақ» атты спорттық шара, сонымен қатар, мерекелік сыйлық ретінде әр мұғалімге облыстық драма театрға баруға жолдама беру жоспарланды.
Бұл марапат, ұлықтаулардан ардагер ұстаздар да тыс қалған емес. Ардагер ұстаздарға деген құрмет пен сыйластық, ұрпақтар сабақтастығы ұлтымыздың ұлттық құндылықтарының бірі болғандықтан ол да кәсіподақ жұмысынан қалыс қалмайды.
Тек қызметкерлердің өздерін ғана қамқорлап, оларды көтермелеуден бөлек олардың отбасылық жағдайларына қарап, мектеп жасындағы балаларына сыйлықтар жасап, отбасында болып жатқан қуанышты жағдайға да, қайғылы жағдайға да көңіл бөліп, демеу көрсету – кәсіподақтың жұмысын жандандырып, кәсіподаққа деген ұжым мүшелерінің сенімін арттырады. Соның ішінде педагогтер арасындағы үлгілі отбасыларды дәріптеп, жастарға үлгі етіп, олардың мәртебесін көтеруде де өз үлесі бар.
Біздің ендігі басты мақсатымыз –кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдары тағдырына қатысты түйіндерін дұрыс шешуге атсалысу. Сол мақсатта жұмыс істеудеміз.
Г.Гарифуллина,Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы,
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы.
-
Фотографии
-