АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Кеңес отырысын өткізді. Жиынға аудандық, қалалық және жоғарғы оқу орнындағы филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде «Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын облыстық ұйымның мақсаттары мен міндеттері туралы» бір ғана мәселе қаралды.
Шараны облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, Мемлекет басшысының жаңа оқу жылы қарсаңында жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»атты Жолдауында көрсетілген бағыттарға жеке-жеке тоқталып, білім саласындағы оң өзгерістерді баяндады. Педагогтардың мәртебесін арттыруда кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды ретімен таныстырып, алдағы мақсаттары мен міндеттерін айқындады.
Кеңес мүшелері Жолдауға қолдау танытып, еңбек ұжымдарында талқыланып жатқанын және ұстаздардың жекелеген пікірлері бұқаралық ақпарат құралдарына шығарылғанын жеткізіп, күн тәртібінде көрсетілген мәселе бойынша қаулы қабылдады.
Жиын Атқару комитетінің отырысына жалғасты. Онда «Көксу аудандық филиалы жанындағы жастар Кеңесінің атқарған жұмыстары», «Панфилов аудандық филиалы құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы іс қағаздарының жүргізілу барысы», «Ескелді аудандық кәсіподақ филиалының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы» мәселелер күн тәртібіне енгізілді. Облыстық ұйымның бас мамандары жұмыс жоспарына сәйкес жоғарыда аталған аудандық филиалдардың жұмысын зерделеп, Маржан Жұмабек, Ләйлә Сағынғалиқызы мен Айгүл Арымбаева әдістемелік көмек көрсетіп, дайындаған ақпараттарын Атқару комитетінің мүшелеріне таныстырып, анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюға бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Кәсіподақ өкілдері қажетті шешімдері қарастырып, қаулыларлы бірауыздан қабылдады.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-