ҒИБРАТТЫ КӘСІПОДАҚ ЖИЫНЫ
ҒИБРАТТЫ КӘСІПОДАҚ ЖИЫНЫ
(Арнау)
Егеменді қазағымның көгінен,
Қырандай боп самғап белес белінен.
Кәсіподақ мүшелері табылды,
Қасиетті Түркістанның төрінен.
Киелі өлке құшақ жая қарсы алды,
Қара көздер келбетіне тамсанды.
Бұл жиында республикалық байқаудың,
Кәсіподақ үздіктері жар салды.
Көрсең тояр сән көркіне жанарың,
Араладық бар жауһарын қаланың.
Ойға шуақ, жүректерге рух берді,
Кесенесі Қожа Ахмет бабаның.
Ғимаратқа табан тіреп тәлімді,
Біз таппадық бір сәтке де дамылды.
«Ұлы дала» мұражайы таң қылды,
Сол ғасырда жүргендейміз кәдімгі.
Аралаумен жасыл-жайсаң көшені,
Бізді күтті «Керуен Сарай» кешені.
Бұл аймақты көрген жанда арман жоқ,
Маңдайдағы бағымыз бар бес елі.
Екінші күн болды білім жол басы,
Бар ғылымның екен нағыз ортасы.
Қожа Ахмет атын алған атақты,
Халықаралық қазақ-түрік ордасы.
Әулиелер мекені деп аталар,
Құт мекенде тауып уақыт батаға,
Құран оқып, Жаратқанға қол жайып,
Тағзым еттік Арыстанбаб атаға.
Әр күн сайын жидық бойға мол ілім,
Ізін көріп басқан баба жолының.
Өткен күнге сапар шектік аралап,
«Отырардың» археологиялық қорығын.
Тоқсан ауыз сөздің қысқа түйіні,
Мінсіз өтті Кәсіподақ жиыны.
Арта берсін абыройың асқақтап
Ұстаздардың ең жанашыр ұйымы.
Бұл Түркістан болар бізге асқақ ән,
Руханиятпен бір марқайтып тастаған.
Ұйымдастырушылар алқасына мың алғыс,
Мақсатқызы Айгүл ханым бастаған.
Нұрын төксін таңдарымыз әр атқан,
Басталсын күн әр кез жаңа парақтан.
Кәсіподақ басшыларын жыл сайын
Жақсылықпен жолықтырсын Жаратқан!
Әр жыл сайын арта берсін құнымыз,
Баққа балап бағалайық мұны біз.
Мерейтоймен қатарласқан биылғы
Құтты болсын кәсіподақ жылымыз!
С.Саймов,
«Қ.Шаңғытбаев ат. жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш
кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары,
кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары,
Әйтеке би ауданы,Ақтөбе облысы
-
Фотографии
-