ТӘУЕЛСІЗДІК - ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ
«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген Елбасы Н.Назарбаев.
Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн,еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Олай болса, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады.
Осы орайда, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Тәуелсіздік-әрбір қазақстандықтың мақтанышы” тақырыбында жастарға жаңа серпіліс беру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және облыс көлеміндегі барлық педагогикалық, техникалық және кәсіптік колледждерд мен жалпы орта білім беру мектептеріндегі белсенді ұстаздарының өзара тәжірибе алмасу жұмыстары ұйымдастырылды.
Үш күнге созылған тәжірибе алаңында қатысушылар 4 топқа бөліне отырып, білім додаларында, спорттық сайыстарда бақ сынады. Арнайы жоспарланған семинар – сабақтар арқылы жаңа оқу жылындағы ерекшеліктермен және оқыту процесіндегі мобилография мүмкіндіктерімен танысып, қызу талдамалы жұмыс жасады. Тәуелсіздік тарландары әрбір сайыста аянбай еңбек етті. Тиісінше, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Озық ойлы идея жаршылары алдағы уақытта аймағымыздың білім саласының дамуына ерекше серпіліс пен үздік жетістіктер әкелеріне сеніміміз мол.
Қызылорда облыстық білім және ғылым кәсіподағы
-
Фотографии
-