БАЛА-БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС
Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде елімізде "Отбасы күні" аталып өтiледi.
Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсері өте зор.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелік міндет, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қалыптастыру, аға буынның тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни баланы қоршаған ортаға, қоғамға пайдалы азамат етіп бейімдеу әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Осы орайда Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің бір – біріне деген қарым қатынасын нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру мақсатында волейбол жарысы өткізілді.
Карантин шараларының сақталуымен ұйымдастырылған жарысқа 25 ерікті қызметкерден құралған «Қыран», «Бірлік», «Достық» командалары қатысты.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыста «Қыран» командасы І орынды, «Бірлік» командасы, ІІ орынды , «Достық» командасы ІІІ орынды иеленді.
Барлық қатысушыларға Аудандық кәсіподақ филиалынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
https://www.facebook.com/1024709141033860/posts/1853591544812278/
https://www.facebook.com/1024709141033860/posts/1853591544812278/
Р. Текеева,Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының
Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
-
Фотографии
-