КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
Жаңа оқу жылы жағымды жаңалықпен басталды. Оқушылар мектепке келіп білім алып, ұстаздар қауымы дәстүрлі форматта дәріс беретін болды. Осы үрдіске қолымыз жетпей, смартфоға үңіліп, көз майымызды тауысып, бір жылдан астам онлайн режимде жұмыс істедік. Әрнине, оқулықты парақтап, мектепте білім бергеннің екі жаққа да тиімді екенін дәлелдеп керек емес. Осы күнімізден айырмасын деп тілек тіледік.
Биыл Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектепке 1 сыныпқа 38 оқушы қабылданды. Аудандық білім кәсіподағы ұстаздар қауымының 1 сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндерін мерекемен құттықтады. Әр оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Бұл бастама осымен екінші жыл қатарынан жалғасуда.
Бүгінде ауданымызда ұстаздар кәсіподағының жұмысы жанданған. Жазғы демалыс уақытында ұстаздармен бірге өзге де сала қызметкерлеріне демалысын тиімді өткізу үшін еліміздің көрікті жерлеріне шипажайларға жолдамалар берілді. Сонымен қатар мерейтой иелері мен сырқаттанған кәсіподақ мүшелеріне көмек ретінде бір реттік қаржылай көмек берілді. Жүйелі жұмыстың нәтижесіне сай білім саласы қызметкерлерінің кәсіподаққа деген сенімі де арта түсуде.
Д.Пішенбаева,
Нұра ауданы, М.Жұмабаев атындағы ЖББМ кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Қарағанды облысы