БІЛІМ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРДІ МАРАПАТТАУ ЖАЛҒАСУДА
Білім күні қарсаңында әлеуметтік әріптестікті дамыту және білім саласында еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі мен білім беру саласын дамытудағы нәтижелі еңбегі үшін ұйымдастырылған марапаттау шарасы Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында жалғасын тапты.
Әрбір ұйым басшыларының өзіндік іскерлегі, шеберлігі мен ұйымдастырушылығының арқасында көптеген түйткілді мәселелер оң шешімін тауып келеді. Осы орайда, Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Гүлнар Бабабекқызы әлеуметтік әріптестерімізге аймақтың білім саласының дамуы үшін жасап жатырған қызметтеріне Алғысын жеткізіп, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, арнайы марапат табыс етті.
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы – Болат Мақсұтұлына; Шиелі ауданы № 181 орта мектебінің директоры – Светлана Кеңесқызына; № 45 мектеп – гимназиясының директоры – Айнұр Перденбекқызына; №270 орта мектебінің директоры – Мұрат Өскенбайұлына «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградтады.
Сонымен қатар Жаңақорған ауданы № 239 орта мектебінің директоры – Асқар Өмірзақұлы; № 240 орта мектебінің директоры – Кенжехан Анапияұлы; Шиелі ауданы №47 мектеп-лицейінің директоры – Сәуле Құрманәліқызы, № 152 орта мектебінің директоры – Ержан Мұсаханұлы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Барлық марапатталған әлеуметтік әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз берекелі және жемісті болғай!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
-
Фотографии
-