ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Осы орайда, әлеуметтік әріптестікті дамыту және білім саласында еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосқан үлесі мен білім беру саласын дамытудағы нәтижелі еңбегі үшін 30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ қарсаңында Қызылорда облысында бірнеше білім беру ұйымдарының басшылары марапатталды.
Кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы және комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы атаулы күнмен және жаңа оқу жылымен құттықтап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры - Бауыржан Тажмағанбетұлына; Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің директоры – Кеулімжай Шалтақбайұлына; Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің директоры – Тәшен Оразбекұлына; М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры – Бақыт Қуанышбекұлына; № 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры – Жамбыл Тұрсынбайұлына «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Алдағы уақытта аудандарда мерекелерге арналған марапаттаулар жалғасын табатын болады.
Қызылода облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-