АҚТӨБЕДЕ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
«Білім – елдің тұрақты дамуының кепілі». Ақтөбеде өткен ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі осылай аталды. Жиынның пленарлық отырысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері және өңір педагогтары қатысты.
Биылғы тамыз жиыны инновацияларды енгізу, техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды өзекті сұрақтарды талқылайтын диалог алаңы болды. Кеңес отырысы облыстық, республикалық электронды және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирде трансляцияланды.
Аймақ ұстаздарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған Оңдасын Оразалин мұғалім мамандығының маңыздылығын баса айтып, мемлекет тарапынан педагогтардың мәртебесін көтеруге, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті жас мамандарды дайындауға жан-жақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ өңірдің білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарды марапаттады. Бірқатар мұғалімге ҚР білім және ғылым министрлігінің төсбелгісі, облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан өзге Cалалық кәсіподақ тарапынан үздік 17 ұстазға 1 700 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Құрметті ұстаздар! Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! Биылғы оқу жылы сәттілікке, жақсы жаңалықтарға толы болғай!
-
Фотографии
-