ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 800 АСТАМ БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін сала қызметкерлірінің отбасы жағдайына қарай жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
Басты мақсат - болашақ ұрпағымыздың білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсуіне ынтымақтастықпен атсалысу.
Акция барысында 800-ден астам балаға қажетті құрал жабдықтары әзірленді. Қазіргі уақытта облысымыз бойынша Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша толық үйлестіру жұмыстары аяқталып, апта соңына дейін Қызылорда қаласы, Қазалы, Сырдария аудандарында өткізілетін болады. Және де акция барлық облыстық мекемелерде ұйымдастырылуда.
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын, балалардың зейіндері зерек, ойлары ұшқыр, денсаулықтары мықты болсын!
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-