БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тарапынан жарияланған атаулы жылдың басты мақсаты – кәсіподақ бірліктерінің белсенділігін аттыра отырып, мобильді орталықтандыру болып табылады.
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша 977 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Осыған орай атаулы жыл аясында облыстық кәсіподақтар орталығы өңірдегі әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесулер өткізіп, тығыз қарым - қатынастар жасап, ұжымдағы хәл - ахуалмен танысу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі онлайн байланыс желісінде – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы болды. Еңбек ұжымы – мамандарының біліктіліктерімен, оқушыларының үздік жетістіктерімен облыста ерекшеленеді. Бұл орайда, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Аяулы Нұрлығайынқызы өз сөзінде:
– Ұжым бірлігі біріншіден басшылыққа, қызметкерлер үшін жасалып жатқан әлеуметтік кепілдіктер мен қолдауларға, сондай - ақ бірлестіктегі жауапкершілік пен сенімге тікелей байланысты деп білемін. Дәл осы жерде мектеп директоры Аягөз Орынбайқызының ұстанымы ерекше ұнайды. Кәсіподақ ұйымының әр бастамасына қолдау білдіріп, қызметкерлері үшін жанашырлық танытып келеді, - дейді.
Қазіргі таңда мектеп қызметкерлері кәсіподақ жолдамасы арқылы «Ақжайық», «Сарыағаш», «Ақсу» сауықтыру шипажайларында дем алуда. Жалпы бастауыш кәсіподақ ұйымында 170-ке жуық кәсіподақ мүшесі бар. Ағымдағы жылдың 24 шілде күні кәсіподақ мүшелері ардагер ұстаз, бірнеше жыл мектепте директор қызметін атқарған еңбек адамы Ерсайын Сапаровты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сол секілді әрбір мереке сайын, атаулы күндерде, қызметкерлер мен ардагерлердің туған күндерінде кәсіподақ ұйымы атынан құттықтау шаралары ұйымдастырылып, жан - жақты қолдаулар көрсетіледі. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың асқынған шағында отбасында аурудан көз жұмған жақындары бар қызметкерлерге кәсіподақ тарапынан ақшалай көмектер берілген болатын.
«Маман құқығын қорғау, ынталандыру, қабілеттерін шыңдау, ұжымның бірлігін сақтау, әлеуметтік қолдаулар көрсету – кәсіподақтың басты міндеті. Бұл міндеттердің асқан жауапкершілікпен орындалуының арқасында еңбек қатынастарына қатысты шиеленістерге жол берілмейді», - дейді кәсіподақ жетекшісі Аяулы Нұрлығайынқызы.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-