АҚТӨБЕЛІК ЖАС ПЕДАГОГТАР КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА ДЕМАЛУДА
Ақтөбе өңірінің жас педагогтары жазғы еңбек демалысын қызықты өткізуде. Кәсіподақ қолдауына ие болған жас мамандар қарт Каспийдің жағалауына демалысқа жол тартты.
«Жас келсе, іске» демекші, олар білім мекемелерінде еңбек етіп жүрген қатардағы мұғалімдер емес, өз ісінің нағыз майталмандары. Өнер десе алдына жан салмайтын шығармашыл жандар, байрақты бәсекелерде топ жарған спорт үздіктері, ғылымның дамуына сүбелі қосып жүрген интеллектуал жастар.
Ұстаздар 162 әулие мекен еткен Маңғыстау облысының киелі жерлерін аралап, теңізге шомылып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Одан бөлек, Ақтөбе облысының жас педагогтар қауымдастығы TED X алаңында бас қосып, түрлі тақырыптарды талқылауда.
Мәселен:
1) Онлайн оқу кезіндегі әркімнің ақпараттық технологияларды қолдану бойынша өз жеке үздік тәжірибесі. Әдістемелік лайфхактар. Нәтиже: ұнаған тәжірибені практикада қолдану барысында жеке қолдау көрсетуге келісім.
2) Әлеуметтік желілердегі педагог имиджі. Нәтиже: барлық әлеуметтік желілерде бір-бірімізді позициялау.
3) Жас педагог оқуға қажетті кітаптар.
Нәтиже: кәсіподақ мүшелері арасында онлайн платформада оқырмандар клубын құру ұсынысы мен бір-екі кітаптарды оқып өзарамызда рецензия ұсыну.
4) Құқықтық және қаржылық сауаттылық. Нәтиже: онлайн ресурстармен танысу.
5) Магистратураға түсу. Нәтиже: оқуға түскеннен кейін зерттеу тақырыбын анықтау бойынша бірнеше кеңестер.
-
Фотографии
-