АТЫРАУЛЫҚ ПЕДАГОГТАР «ДЕНСАУЛЫҚ» ШИПАЖАЙЫНДА
Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі пандемия кезінде қашықтықтан оқыту кезінде үздік нәтижелерге қол жеткізген және ұзақ жылдардан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан 50 педагогты Алматы қаласындағы «Денсаулық» сауықтыру орталығына тегін демалуға шешім шығарған болатын. Солардың қатарында болғаныма өзімде қатты қуанып қалдым, себебі тұңғыш рет білім саласы кәсіподағы есебінен осындай құрметке ие болдым.
Ағымдағы жылдың 19 шілде күні біз «Атырау – Алматы» бағытындағы пойызға отырдық, жаңа вагон іші мұнтаздай тап-таза, салқындатқыш та жұмыс істеп тұр. Жолсеріктері жолаушылар үшін барлық жағыдайларды жасауда. Менімен бірге Алма Абдулова (Мақат), Гүлбану Сапарова (Индер), Қалима Күзембаева (Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы), Светлана Кокашева (Мақат), Маруся Сарбалиева (Жылыой мұнай-газ колледжісі), Роза Бекбаева (Атырау қ.), Аниса Унгаралиева (Атырау қ.), Алия Сабирова (Атырау қ.), Сания Бисенова (Исатай), Гүлфариза Калидуллина (Исатай), Алмагүл Қалиева (Инженерлі-гуманитарлық институт) және тағы басқа да әріптестерім бар. Олармен жолсапарда мамандығымыз туралы, білім беру ісіндегі ой-пікірлерімізді ортаға салып, әңгімелесіп келеміз. Әріптестердің барлығының да шәкірттері республикалық, облыстық пәндік сайыстарда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген және сол үшін осындай құрметке ие болған білікті ұстаздар.
Шипажай орталығындағы демалысымыз жайлы келесі хаттарымызда жазармыз, сапарымыз жалғасуда...
Г.Мұқанова,
«Атырау облысы дарынды балаларға арналған Жылыой лицейі-интернаты»
КМК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
КМК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-
Фотографии
-