ЖАҚСЫСЫЛАРДАН ШАРАПАТ
Жақында біздер, алғаш рет Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің бір топ ардагер-ұстаздары негізі 1985 жылы қаланған «Ақжайық» шипажайында демалыста болдық. Аталмыш жер Орал қаласынан 45 км жерде өте әсем, табиғаты тамаша тоғайда орналасқан екен. Демалыс үйі аймағынан минералды су қабаттарының табылуына байланысты бальнеологиялық шипажай статусында жұмыс істеуде. Шипажай Қазақстаның Батыс өлкесі демалушыларын ғана емес, РФ Орынбор, Самара, Саратов т.б қалалардың тұрғындарын қабылдап, тұрақты емдік шараларын береді. Таза ауа, табиғи минералды су, балшық, парафинмен емдеу, массаждың барлық түрлері және басқада сауықтыру әдістері осындағы емдеудің негізгі бағыттары болып табылады. Жалпы бұл жерде демалуға қажетті барлық жағдай жасалған.
Күнде ертеңгілік жаттығу, фитнес залындағы спорттық шаралар, «Скандинав» жүрісі – жоғары тыныс жолдарын нығайтуға, дене сымбатын қалыптастыруға, жүрек - қан тамыр жүйесін шынықтыруға ықпал етеді. Шипажайда бес мезгіл тамақтандыру жүйесі жолға қойылған. Емдік шаралардан соң демалушыларға, спорттық, музыкалық шаралар жүйесі ұйымдастырылған, күн сайын кешкілік әр облыс өз туған өлкесін мадақтап, шығармашылығымен таныстырады.
«Ақжайық» шипажайының директоры А.Т. Сафуллин, әкімшілік басшысы Қ.Ж. Нурланбаева және бас дәрігер М.С. Ақашаевтың басшылығымен демалушылардың жеке жағдайларына қарай емдік-сауықтыру шараларын саналы жүргізеді. Медициналық қызметкерлер мен асхана қызметкерлері кішіпейіл, өз ісінің шеберлері.
Аталған шипажайда демалуға толық мүмкіндік жасап, жақсы көңіл-күй сыйлаған Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Қ.Сүндетұлына, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры А.С. Қарабаеваға және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.М. Өтемісоваға шексіз алғысымызды білдіреміз.
З.Х. САТКАЕВА, Т.А. АЛМУХАНОВА, Ж.А. АЖИБАЕВА, Р.Р. МУСАҒАЛИЕВА және К.Н. КЕНЖЕГАЛИЕВА, Қ.ДҮТБАЕВА АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРДАГЕР-ҰСТАЗДАРЫ
-
Фотографии
-