«ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ»
Осындай тақырыпта Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова мен облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері Гүлжанат Құрманғазиева «AQJAIYQ» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасында сұқбат берді.
Сұқбат барысында облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы әлеуметтік әріптестік туралы жалпылама түсінік беріп, оның республикалық, аймақтық құрылымдарда қалай жүзеге асырылатындығы жөнінде қысқаша таныстырып өтті.
- Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тең құқықтық және тепе - теңдік, өзара құрмет пен сенім қағидаттары негізінде әлеуметтік әріптестермен өзара қатынастарды құруда көшбасшы болуға ұмтылады, - деді А.Есекенова.
Сонымен қатар, бірлестік төрайымы 2021 жылдың 12 наурыз күні қол қойылған Бас келісім және 29 сәуір күні қабылданған облыстық келісім мазмұндарына тоқталып, республикалық, аймақтық келісімдер аясында облыстық кәсіподақтар орталығында атқарылған және ағымдағы жұмыстар жөнінде баяндады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіподаққа келіп түскен 779 өтініш -сұрақтардың көбі келісім комиссияларының жұмысы және ұжымдық шарттардағы өзгерістер туралы болғандығын айтып өтті. 43 еңбек ұжымымен кездесулер өткізіп, еңбек қатынастарына қатысты мәселелерге мониторинг жасалғандығы және кездесулер нәтижесінде 400-ден астам кәсіподақ мүшесінің басын біріктірген 9 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының бой көтергендігі жөнінде айтып өтті.
Облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгері Гүлжанат Құрманғазиева әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастары жағдайының мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында атқарылған заңнамалық-құқықтық жұмыстарға тоқталды.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-