ҮШ ЖҮЗДІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ҰЛЫТАУ ЖЕРІНЕ САЯХАТ
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүкіл Қазақ елі қадір тұтатын қастерлі өлке Ұлытау жерінде орналасқан тарихи жерлерге бір күндік саяхат ұйымдастырылды.
Бабаларымыз ұлттың келешегін ойлап, бірліктің туын желбіреткен тарихи өлкеге Тәуелсіз еліміздің тұғырын берік ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтар, өздерінің туған өлкесінің тарихи орындары - Жошы хан, Алашахан, Домбауыл кесенелеріне барып, сол жерлердің тарихымен танысып, рухани демалып келді.
Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу –баршамызға ортақ парыз. Себебі Ұлытау-ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі.
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
-
Фотографии
-