БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТЫҢДАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 22 маусым күні Семей қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібінде БҚО кәсіподақ ұйымының кәсіподақ органдары мен ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісімдер мен ұжымдық шарттарды орындау барысында мониторингті жүзеге асыру тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы тыңдалды.
БҚО білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев өз сөзінде өңірдегі барлығы – 527 бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ұжымдық шарттармен қамтылу көрсеткіші – 100% екендігін және жыл басынан бері 520 ұжымдық шарттың 144-і жаңа мерзімге жасақталып, соның ішіндегі 376-ның әрекет ету мерзімдері ұзартылғанын, сондай - ақ жаңадан құрылған 7 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттардың толық бар екендігін айтты.
«Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасындағы Өңірлік деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік салалық келісім ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өткізілді. Екі жақты тараптармен келісілген өңірлік келісімде еңбек заңнамасы негізінде педагогтардың, ғылыми - педагогикалық кадрлардың, білім және ғылым саласының басқа да қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктері айқындалды. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек қатынастары жағдайының мәселелері жүйелі түрде Әлеуметтік әріптестік тарапымен бекітілген Салалық комиссиясының және Атқару Комитетінің мәжілістерінде қарастырады», - деді кәсіподақ төрағасы.
Сонымен қатар Атқару комитетінің отырысында Марат Даупаев күні бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселелерге де тоқталды. Яғни, кәсіподақ жетекшісі 2021 – 2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісімді басшылыққа ала отырып, тараптар келісімге келген (11 тарау., 11.4 тармағы) жергілікті бюджетті жасақтау барысында, белгіленген тәртіп пен құзірет аясында, атқарушы және заңды билік органдарына «Ауылдық жерде жұмыс жасайтын педагогтарға коммуналдық қызмет пен отын шығындары үшін өтемақы беру, сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметкерлерін міндетті дәрігерлік тексеруден өткізуді қаржыландыру» мәселелері толық орындалмай отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша бұл мәселе бірнеше рет Атқару Комитетінің және жыл сайын өткізілетін Пленум отырыстарында күн тәртібіне қойылып, облыс әкімінің орынбасарына арнайы хат жолданып, жергілікті әкімдермен келіссөздер де жүргізіліп келген. «Дегенмен, аталмыш мәселе аясында кәсіподақтың тынымсыз еңбегі өз нәтижесін бере бастады», - деді аймақтық білім және ғылым саласы кәсіподағының төрағасы.
Онлайн кездесуде облыстық салалық кәсіподақ ұйымының заңгері Гүлжанат Құрманғазиева аталмыш мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, «Ауылдық жерде жұмыс жасайтын педагогтарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 9 шы желтоқсан 2020 жылдың шешімімен ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, отбасындағы әр мұғалімдерге 3 айлық есептік көрсеткіште өтемақы төленетін болып шешілгендігі жөнінде ақпарат берді.
Мәжіліс соңында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева БҚО білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының әлеуметтік әріптестікті дамыту аясында атқарылған жұмыстарына жоғары баға беріп, облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы – Марат Даупаев пен оның ұжымына сәттілік тіледі.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-